Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада “Қазақстан барысы” турнирі болып жатыр (фото)

Дәл қазіргі сәтте Астана төріндегі “Барыс Арена” спорт кешенінде VII Республикалық “Қазақстан барысы” турнирі өткізіліп жатыр.

20161130162605

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесі үшін өткізілетін турнир биыл ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында ұйымдастырылып отыр.

Бүгінгі додада еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан келген 34 балуан бақ сынайды. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 50 миллион теңге.

44554

Балуандар әр белдесудегі жеңісі үшін 100 мың теңге иеленсе, финалда жеңіске жеткен балуан 25 миллион теңгені қанжығасына байлайды. Екінші орын алған спортшыға 5,5 миллион, үшінші орын алған балуан 1,8 миллион иеленеді. Олардың бапкерлері де сыйақысыз қалмайды. Бірінші орын алған балуанның бапкері 3,5, екінші орын алған балуанның бапкері 1,8 миллион, үшінші жүлдегердің бапкері 900 мың теңгені қанжығаға бөктермек.

Сонымен қатар, спорт кешеніне келген жанкүйерлер арасында «Renault Logan» маркалы автокөлігі де ойнатылады. Турнирді “Қазақстан” ұлттық арнасы мен Kazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

Оқи отырыңыз:

Лионель Месси бала күнгі құрбысына үйленді (фото)

Бердібек Сапарбаев әкімдермен бірге футбол ойнады (фото)

Криштиану өмірге келген ұлы мен қызын көрсетті (фото)

Дмитрий Баландин жүзуден Болгария чемпионатында жеңіске жетті

Талқылау