Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада “Қазақ аруы” байқауы басталды

Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақ аруы» сұлулық байқауы басталды. Биылғы байқауға еліміздің әр аймағынан іріктелген 16 ару қатысып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

егеменқаз

Сурет: “Егемен Қазақстан”

Жыл сайын Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын «Қазақ аруы» байқауы бірнеше кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде үміткерлер сахна мәдениетін көрсетіп қана қоймай, өздерінің қабілет-қарымын паш етеді.

Кейін сұлу арулар рухани құндылықтар жөніндегі пайым-түсініктерін ортаға салып, өз өнерлерін көпшіліктің назарына ұсынады.

Сұлулық сайысына ана тілін еркін меңгерген, ұлттық дәстүр мен ел тарихын, әдебиетін жетік білетін арулар қатыса алады. Оған қоса додаға қатысатын қыздың шашы ұзын, бойы 170 сантиметрден кем болмауы тиіс.
Биыл «Қазақ аруы» байқауы 7-ші рет ұйымдастырылып отыр. Сұлулық сайысына еліміздің әр аймағынан іріктелген 16 қатысуда. Олар:
1. Ақбаян Өмірқұлова – ОҚО (Шымкент) ;
2. Айбану Жексенғали – Атырау облысы;
3. Ақмаржан Жұман – Астана;
4. Амина Мектепбаева – Алматы;
5. Бегайым Жорабекова – ОҚО (Шымкент) ;
6. Виктория Петрова – Павлодар облысы;
7. Гүлжанат Жұмажанова – Ақтөбе облысы;
8. Айгерім Орынбекова – Қарағанды облысы;
9. Жұлдыз Орынбасарова – Жамбыл облысы;
10. Зуxра Сайпи – Қызылорда облысы;
11. Мария Халбият – Алматы облысы;
12. Назерке Дауылбаева – Атырау облысы;
13. Нұргүл Асанова – БҚО облысы;
14. Перизат Абдашова – Маңғыстау облысы;
15. Сәуле Әділбаева – БҚО;
16. Шырын Ақпар – ШҚО;

Сұлулық байқауының қазылар алқасында белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей, отандық опера примасы Майра Мұхамедқызы, дизайнер Аида Қауменова, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Ринат Кертаев, Астана қаласы мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов, «Қазақ аруы-2016» байқауының жеңімпазы Альмира Ахатова, байқаудың авторы әрі бас продюсері Баян Есентаева бар. Ал әділқазылар алқасына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова жетекшілік етеді.

Кеш жүргізушісі Жұлдыз Өмірғали желідегі  парақшасына “Бастадық. Қыздарға сәттілік” деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылы 7-ші рет ұйымдастырылған байқаудың тәжін өткен жылдары Ләззат Қалдыбекова, Айғаным Өтепбергенова, Әйгерім Қанатбаева, Гүлназ Жоланова, Кәмшат Қоскелова және Альмира Ахатова иеленген.
Айта кетейік, сұлулар сайысының толық нұсқасын көрермендер «Хабар» арнасынан 21 наурыз күні сағат 21:35-те көре алады.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев Головкинді бүгінгі жеңісімен құттықтады

Науқас аналарын бағып отырған балалар барша халыққа алғыс айтты (фото,видео)

Несие алып, тойында ажырасқан жастардың қылығы жұртты шошытты (видео)

Журналист Мұхит Сапарбаев аурухананың жансақтау бөліміне түсіп қалды (фото)

Талқылау