Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада қатты боран университеттің шатырын жұлып әкетті

 Астанада қатты боран С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің шатырын жұлып кетті.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Қатты боран университеттің басты корпусының шатырын жұлып әкеткен. Барлық студенттер үйге жіберіліп, ғимарат жабылды.

Айта кетсек, елордада ауа райының бұзылуына байланысты Астана әкімі Әсет Исекешевтің шешімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Қала тіршілігін қамтамасыз ететін мекемелерден басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, білім беру мекемелері және құрылыс нысандарының басшыларына жұмысты уақытша тоқтату ұсынылды.

Астанадан шығатын барлық жол мен әуежай жабылды. 1-11-сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды. Мемлекеттік балабақшалар түскен кейін жабылады.

Сондай-ақ қала маңына қатынайтын автобустар тоқтатылып, елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті.

Жіберіп алмаңыз:

Депутат боранға байланысты жүргізушілерге тұрғындарды тегін алып кетуге шақырды

Астанада төтенше жағдай жарияланды

Жоғалған бала табылды: Астанада боранда қалған оқушыны қар тазалаушы аман алып қалған

Астанада қатты соққан желден адамдар көшеде жаяу жүре алар емес (видео)

Талқылау