Астанада кассалық аппараты жоқ таксишілер жазаланып жатыр

Сенбі, 30 Сәуір , 2016 9:06

Астанада таксишілерге ауқымды күрес жарияланды. Салықшылар заңды түрде тіркелмей, адам тасыған жүргізушілерге шүйлігіп жатыр. Тіпті, көліктерінде кассалық аппарат пен таксометрлер  жоқтарына шетінен айыппұл салынуда, – деп хабарлайды “КТК” арнасы.

1433946045_2

Фото: shm.kz

Жол-жөнекей машинасына кісі отырғызғандар да жазадан қашып құтыла алмайды. Барлығын салық төлеуге мәжбүрлеп жатқандар «ЭКСПО» қарсаңында бас қаланы  заңсыз нәпақа табатын таксишілерден тазартпақ ойда.

Әншейінде кассалық аппаратсыз-ақ емін-еркін жүрген таксишілер мұндай ережені салықшылардан естіп аң-таң. Заң бойынша, олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, көлігінде кассалық аппараттан бөлек, таксометр және банк картасымен төлем қабылдау үшін терминал болуы тиіс екен. Әйтпесе, 30 мың теңге айыппұл арқалайды.

“Бұған дейін осындай 12 такси жүргізушісіне айыппұл салдық. Қазір олар тіркеліп, заң бойынша жұмыс істеп істеп жатыр. Негізінен жүргізушілер бір айда тапқан табысының 2 пайызын салық ретінде бюджетке төлеуі тиіс”, – дейді Астана қалалық Мемлекеттік кіріс департаментінің бөлім жетекшісі Айжан Мұрзахметова.

Елордада таксишілермен қоса, жолшыбай кісі тасып ақша табатын   да күрес жарияланған. Оларда кәсіпкер ретінде тіркеліп, бюджетке салық төлеуі тиіс екен.

Құны кәдімгі таксилерден арзанырақ мұндай жолшыбай жүргізушілерге салық төлетудің қиынға соғатын жөні бар. Өйткені, олар қасындағы «клиентін» туысым деп ақтала кетеді екен. Әрі оның адам тасып ақша тапқанын дәлелдеу мүмкін емес. Ал «ЭКСПО» кезінде, бұлардың бірде-бірі Астана көшелерінде емін-еркін жүре алмайды . Себебі салықшылар халыққа көрсетілетін қызметтің бәрі «кәсіпкерлікке» жатады деп отыр.


Оқи отырыңыз:

Астанада 36 тілде сөйлейтін такси жүргізушісі тұрады

Семейде такси жүргізушісі жолақы ретінде жолаушының іш киімін алып қалған

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар