Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада қарумен қорқытып жанармай бекеттерін тонап келген азамат ұсталды

Полиция бетін тұмшалап, тапанша кезеніп жанармай бекетін тонаған 26 жасар Астана тұрғынын ұстады.

1350183

Бетін тұмшалап, тапанша кезеніп жанармай бекеттеріне бірнеше мәрте шабуыл жасаған Астана тұрғыны ұсталды деп хабарлады қаланың ІІД баспасөз қызметі бейсенбі күні.

Полиция мәліметінше, 21 қаңтарда түн ортасында қара маска киген белгісіз бір адам тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, жанармай бекеттерінің бірінен ақша тонайды. 24 қаңтар күні тура сондай жайт екінші бір бекетте орын алған. 26 қаңтар күні жедел шаралар жүргізу барысында жанармай бекетіне тағы да шабуыл жасамақ болған 26 жасар ер адам ұсталды. Ол бұдан бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған екен. Тергеу барысында күдікті қылмысын мойындады. Ұсталған азамат Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың қала аумағындағы осындай сипаттағы басқа да қылмыстарға қатысы барын тексеруде.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодар облысында бетперде киген екі адам 77 жастағы қарияны сабап кетті

Астанада теміржол вокзалының шатыры опырылып түсті (видео)

Павлодар облысында ақшаның жетіспеушілігін анықтаған есепші дәрі ішіп қойған

Алматыда қатыгездікпен өлтірілген баланың әкесі ортақ қыздары үшін әйелді кешіруге дайын

Талқылау