Астанада кәріз құдығына құлаған 13 жасар қыздың өлімінен кейін металл қабылдау орындары тексерілді

Астанада кәріз құдығына құлап кеткен 13 жасар қыздың өлімінен кейін металл қабылдау орындарында тексеріс күшейтілді. Полицейлердің сөзінше, құдықтардың ұрланған темір қақпағы дәл осы жерлерге өткізіледі, деп  хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Астанада кәріз құдығына құлаған 13 жасар қыздың өлімінен кейін металл қабылдау орындары тексерілді

Еске сала кетсек, елордадағы қайғылы жағдай өткен аптада орын алған еді. 13 жастағы Аружан Маратова ашық тұрған кәріз құдығына құлап кетіп, салдарынан көз жұмды.

Оқиғадан кейін полицейлер оң жағалаудағы базарлардың аумағындағы металл қабылдау орындарын тексеріп шықты. Мұндай орындардың иелерінің көбі металды заңсыз сатып алып отыр.

Полиция мәліметінше, қала бойынша 68 металл қабылдау орны бар. Олардың тек 16-сының рұқсаты бар екен. Ал қалғандарына тек айыппұл салу арқылы шектеледі. Алайда мұның өзі олардың жұмысына кедергі болмай тұр.

«Ескерту жазып береміз. Мысалға темірлері жатса сыртта, соларға да ескерту жазамыз. Екінші рет айыппұл салынады», – дейді Астана қалалық полиция департаментінің  аумақтық инспекторы Төлеген Сәтбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар