Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада КамАЗ жүргізушісі төккен қоқысын қайта жинауға мәжбүр болды

Астанада жүк көлігі жүргізушісіне тиісті емес жерге төккен құрылыс қоқысын қайта жинатқызды.

2256577

Фото: ІІД

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Құрылыс қоқысын төккен жүргізушіні әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартқан. Ведомство мәліметінше, дүйсенбі 15 мамыр күні сағат 17.15-те құқық қорғаушылар 1987 жылы туған, “КамАЗ” көлігінің жүргізушісін ұстады.

Көлікке қатысты құжаттарынсыз шыққан ол үйден 50 метрдей алысқа барып, тиісті емес жерге қоқыс төккен. Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері тәртіпбұзушыны ҚР ӘҚБК 505-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сот оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салып, төккен қоқысын қайта жинауға мәжбүрледі.

Бұдан бөлек, көлікті құжаттарынсыз айдағаны үшін жүргізуші ҚР ӘҚБК 612-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оқи отырыңыз:

Сапарбаев грантқа ілікпеген үздік түлектердің тегін білім алуына көмектеспек

Алматы облысында төрт баланың әкесі 7 айдан бері табылмай жатыр

“Алтын белгі” иегерлері тағы бір емтихан тапсыратын болды

Димаштың костюмін аукционда 7 миллионға сатып алған адам оны әншіге қайтарып берді

Талқылау