Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада иттер емтихан тапсыратын болды

Астанада иттердің қала өміріне бейімділігін тексеру мақсатында арнайы емтихан енгізіледі. Сынақтан сүрінбей өткен ит “Басқарылатын қала иті” куәлігіне ие болады.

kk2_54648834755557565

Астана әкімінің қаулысына сәйкес, тексеруге бір жасқа толған, дені сау иттердің барлық түрі жіберіледі, деп хабарлайды Elorda aqparat медиа-ресурсы.

Олар бейтаныс жанды немесе итті көргенде, қасынан адамдар жүгіріп өткенде, велосипедші өткенде, өздерін қалай ұстайтынын, адамдар тобыры арасынан, жолдан қалай өтетіндіктерін көрсетеді. Жаттығуларды орындағаны үшін ұпай берілмегенімен, ит иесінің әрекеті, иттің дағдысына байланысты “сынақтан өтті” немесе “өтпеді” деген баға беріледі. Емтиханнан сәтті тапсыру үшін жеті жаттығудың төртеуінен сүрінбей өтсе болды.

Тағы да оқыңыз:

2017 жылғы Рамазан айына арналған Ораза ұстау кестесі

Оразаға дейін дайындалуы тиіс 30 нәрсе

Ораза ұстау кезінде жіберетін 10 қателік

Талқылау