Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада Ислам Каримовтың атына көше берілуі мүмкін

Астана қаласындағы көшелердің біріне Ислам Каримовтың атын беру туралы шешім бір аптадан кейін қабылданбақ. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170316211927

“Көше атын өзгерту туралы мәселе бір аптадан кейін қарастырылады. Біз екі ел арасындағы келісімге негізделген сыртқы істер министрлігінен хат алдық. Онда Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран көшесі аралығында орналасқан ұзындығы 682 метр болатын Е-109 көшесіне Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтың атын беру ұсынылған”, – деді Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев.

Оның сөзінше шешім қалалық мәслихат сессиясында қабылдануы мүмкін. Қазірге дейін әкімдік жанындағы қоғамдық тыңдау отырысы да өткізілген.

Қазіргі таңда Өзбекстан астанасы Ташкент Абай, Төле би көшелері бар, сондай-ақ, ел астанасында Абайдың ескерткіші де орнатылған. Бұл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі жақты келісімдер негізінде орындалуда.

Талқылау