Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы пара алу кезінде ұсталды (видео)

Кеше Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жетекшісі Мелдебеков 3 миллион теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды. Ол тексеру бойынша жағымды акт жазып бергені үшін пара алған.

задержан шенеунік 2406

Бұл туралы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметінен хабарланды.

Күдікті басты мемлекеттік аудитор мамандары Апеисов және Шамилдің қатысуымен жүйелік негізде пара алу қылмыстық схемасын құрастырған.

Меделбековтың қызметтік орны мен тұрғылықты мекен жайын тінту барысында 54 млн тенге және 120 мың АҚШ доллары табылды.
Меделбеков Астана қаласының ІІД уақытша ұстау изоляторында орналастырылды, ал Апеисова және Шамил кінәларын толықтай мойындағандықтан әрі кішкентай балаларының бары есепке алынғандықтан, қамауға алынбады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасы: 1 шілдеден бастап полицейлердің жалақысы 25 пайызға көбейеді

Алматыда көршісінен таяқ жеген баланың ата-анасы әйелді кешірді (видео)

Заң білмейді: көлігін автобус аялдамасына қойған астаналық прокурор елді шулатты (видео)

Өскеменде туылғанына бір ай толмаған сәби асфальтқа құлап кетті

Талқылау