Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ішкі істер министрі баланы құдықтан құтқарған оқушыны марапаттады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев оныншы сынып оқушысы Надир Омарғазиевпен кездесті. Оқушы өз өміріне қауіп төндіріп, екі метр тереңдікте болған бес жасар баланы құтқарған еді.

Еске сала кетейік, Астанада баласы анасымен бірге серуендеп жүріп, құдыққа құлап түсті. Осы уақытта Надир мен досы колледжден қайтып келе жатады. Олар жылап жатқан әйелді көріп, осыдан кейін бірден шешім қабылдайды. Надир өз еркімен құдыққа түсіп, баланы алып шықты.

Ерлан Тұрғымбаев Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің қызметкерлері қатысуымен бірге студентке қырағылық пен батылдық танытып, қайырымды іс жасағаны үшін алғысын білдірді. Оның ерлік әрекеттері мен жедел әрекет етуінің арқасында бала құтқарылды.

“Балаларға мұндай жанашырлық танытып, батылдық ету құрметтеуге лайық іс”, – деді министр.

Оқушыны «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгімен марапаттап, смартфон сыйлады.

Ерлан Тұрғымбаев баланың мұғалімдеріне және тәлімгерлеріне Надир Омарғазиевті тәрбиелеуде ризашылығын білдіріп, батыл баланы тәрбиелеген ата-аналарға алғыс хат табыс етті. Қазақстанда мұндай балалар бар кезде, еліміздің болашағы жарқын екеніне сенімді бола алатынын атап өтті.

Соңында, Ішкі істер министрі болашақта Надирдің құтқарушы мамандығын таңдайтынына сенім білдірді, өйткені қайырымдылық пен көмекке дайындық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қасиеттеріне жатады. Сондай-ақ ІІМ Надирді жоғары оқу орындарында оқуға шақырды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау