Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада инвестиция және даму министрлігінің шенеунігі 70 мың доллар парамен ұсталды (видео)

Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл істері жөніндегі департаменті ҚР Инвестиция және даму министрлігінің “Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі” РМК бас директоры Болат Халық парамен ұсталды.

12831371

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің деректеріне сәйкес, күдікті атқарылған жұмыстар актісіне қол қойып бергені үшін мердігер ұйымдардан жүйелі түрде пара алу бойынша қылмыстық жоспар құрған.

Сонымен қатар, Халыққа РМК-нің қаражатын ірі көлемде жымқырды деген күдік келтіріп отыр. Ол бұл ісін бас есепші Қаракөз Медебаевамен және кәсіпорынның Атыраудағы филиалының жетекшісі Теміржан Махмутовпен бірге жасаған. Халық 70 мың АҚШ доллары көлемінде кезекті пара алу үстінде ұсталды.

Күдіктінің үйін тінту кезінде 300 мың АҚШ доллары мен 6 миллион теңге тәркіленгені айтылады. 23 мамыр күні Халық, Медебаева және Махмутов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Депутаттар шетелдің қымбат көлігінен түскісі келмейтін шенеуніктерді сынады

Елбасы “Назарбаев Университеті” басшысымен ағылшынша сөйлесті (видео)

Назарбаев кәсіпкерлерге қысым көрсетуді доғаруды талап етті

Астана әкімі Исекешев асықты шебер ойнайтынын көрсетіп таңғалдырды (видео)

Талқылау