Астанада танымал гипермаркетте сатылған торттан құрт табылды (видео)

Елордалық гипермаркеттің келушілері сөредегі торттан құрт тауып алды. Тұтынушылардың ескертуінен кейін сөреде тұрған торттардың бәрі алынып тасталған. Астана қаласындағы гипермаркеттердің бірінде болған жағдайды танымал блогер, экс-депутат Тәңірберген Бердоңғаров әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады.

«Бұл әдемі торттың ішін жақыннан қарасаңыз – құрт жатыр. Жыбырлап-жыбырлап өліп қалыпты», – дейді сатып алушы видеода.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Гипермаркеттегілер айтқандай, тортты  жеткізуші «Мир ТорТини» ЖШС компаниясы. Орын алған келеңсіздіктен кейін осы компанияның торттарын гипермаркет сөресінен алып тастады.

“Сол күні «Мир ТорТини» ЖШС компаниясының бүкіл торты сөреден алынып тасталды. Оларға қарсы акт жасалып, жеткізушіге шағым айтылды”, — деді дүкендер желісінің өкілі.

Компания мұндай тауарлардың сөреге қойылмауы үшін тиісті шара қолданыз деп уәде берді.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстан азаматшасының Шри-Ланкада не себепті көз жұмғаны анықталмай жатыр

Қоғам қайраткері: Қазақтың бірталай жері Қытайға өтіп кетті

Жас жұбайларша тортты бір-біріне жегізіп, артынша сүйіскен қазақ ата мен әжей елді таңғалдырды (видео)

Күйеуінің ізгі қасиеттерін жұрт алдында атап шыққан келіншек жұртты сүйсіндірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар