Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада ғимаратта жарылыс болды: Зардап шеккендер бар

Астанадағы екі қабатты ғимаратта газ баллоны жарылды. Үш адам жарақат алды.

Астанада ғимаратта жарылыс болды: Зардап шеккендер бар

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлімдеді. 

"15 наурызда Алаш тас жолында орналасқан "МолПродуктсервис" ғимаратында газ баллоны жарылғаны туралы хабар түсті. Өрт салдарынан бірінші және екінші қабат арасындағы еден опырылды. Аумақ 300 шаршы метрді құрайды", - деді Нұрхаметов.

Оқиға орнына қала әкімі Бақыт Сұлтанов, ТЖК төрағасы Владимир Беккер, ТЖД басшысының уақытша міндетін атқарушысы Марғұлан Аманбаев, Байқоңыр ауданы әкімі Ерлан Каналимов барды.

Астанада ғимаратта жарылыс болды: Зардап шеккендер бар

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, №1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімшесінде 1991 жылы және 1970 жылы туған азаматтар жеткізілді. Зардап шегуші бұл азаматтар 2-3 дәрежелі күйік алған.

Травматология және ортопедия институтына 1979 жылы туған бір адам ауруханаға жатқызылды. Диагноз анықталады. Оқиға орнында екі жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді.
Оқиға орнына Астананың өрт сөндіру аппараттарының 22 қызметкері мен алты бірлігі жеткізілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр