Астанада Fokker-100 ұшағын аман қондырған экипаж түгелдей мемлекеттік марапатқа ұсынылады

Сейсенбі, 29 Наурыз , 2016 15:23

Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің тапсырмасына орай, министрліктің кадрлар жөніндегі департаменті 2016 жылдың 27 наурызында Астана халықаралық әуежайында апатты жағдайда Fokker-100 ұшағын аман-есен қондырған экипаж мүшелерін мемлекеттік марапатқа ұсыну туралы ұсыным хат әзірлеуде.

ұшқыштар

Бұл туралы кадрлар жөніндегі департаменттің жетекшісі Марат Иғали мәлім етті. «Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің тапсырмасына орай, министрліктің кадрлар жөніндегі департаменті 2016 жылдың 27 наурызында Астана халықаралық әуежайында апатты жағдайда Fokker-100 ұшағын аман-есен қондырған Fokker-100 әуе кемесінің экипаж мүшелерін ерлігі мен кәсібилігі үшін мемлекеттік марапатқа ұсыну туралы ұсыным хат әзірлеуде.

Олар:

1) Родин Дмитрий Олегович, Fokker-100 әуе кемесінің командирі (31.08.1968);

2) Смеречанский Вадим Александрович, Fokker-100 әуе кемесінің екінші ұшқышы (06.01.1987);

3) Мүдәрісова Жадыра Аманжолқызы, аға бортсерік (10.09.1987);

4) Шестаков Александр Викторович, бортсерік (15.01.1988);

5) Ибрагимов Рустам Тұрсынұлы, бортсерік (22.09.1978).

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар