Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ер адам бомба жаратынын айтып қорқытып жатыр

“Қазмедиа орталығы” ғимаратында ер адам бомба жарам деп қорқытып жатыр.

© SPUTNIK / ЖАНИЯ УРАНКАЕВА

“Қазмедиа орталығы” ғимаратын полицейлер қоршауға алды. Көшеге шыққан журналистерден қайта ғимаратқа кіруін талап етті, деп жазады Sputnik

Болжам бойынша, ер адам Жамбыл облысы Ойтал ауылынан келген. Ол 20 жылдан бері ала алмай келген жер учаскесін биліктен талап етіп отыр.

 

Полицейлер ғимарат жұмысшыларын ішке кіргізген жоқ. Адамдар сыртқа шығып, даладағы көлігін тұраққа қоюға талпынуда.

Оқиға орнында 25-тен астам полицей жүр. ІІМ-нің кеңесшісі Нүрділдә Ораз оқиға орнына шыққанын, 10 минуттан соң ресми пікір білдіренітін айтты.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау