Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ең үздік 80 оқушы «Жас ұлан» қатарына қабылданды

Астанада Тәуелсіздік күніне орай республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдердің бірыңғай ұйымы қатарына 80 оқушыны салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.

Бұл шара Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 14 желтоқсанда Оқушылар сарайында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Сол күні Астана қаласы орта білім беру мектептерінің 80 ең үздік оқушыларды ұйым қатарына қабылдап, олар салтанатты түрде ант берді. Бұл оқушылар – республикалық, халықаралық олимпиада, ғылыми жобалар, спорт және өнер байқауларының жеңімпаздары.

«Осындай айтулы мерекеге орай «Жас ұлан» ұйымына қабылдаудағы мақсатымыз – оқушыларды отаншылдық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Елі мен жеріне деген мақтаныш сезімін тереңдету, оқушылардың бойынан еңбекке, ізденіске құлшыныстарын оятып, көшбасшылық қасиетті дамытуға үлес қосу», – деді ұйымның Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Шұғыла Құдайбергенова.

Салтанатты қабылдау рәсіміне Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Э.Суханбердиева, Мәжіліс депутаты З.Жүсіпова, «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Тайбасарқызы қатысты.

Талқылау