Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада екі сантехник итке таланған аққуды құтқарып қалды

Суы қатқан көлде үсіп өле жаздаған киелі құсты жігіттер тура жұмыстарына әкелуге мәжбүр болған. Себебі қызыл кітапқа енген қанаттыны өткізетін жер таппай қиналыпты. Бұл туралы КТК хабарлайды.

85cff42ec5e28ead5491f1dfe1cecd6f

Ерлан мен Бауыржан Талдыкөлде итке таланып жатқан аққуды көрген бойда жұмыстарын тастап көмекке тұра ұмтылған. Мұз үстінде жыртқыштың ажалынан аман қалса да киелі құстың қанаттары сыныпты. Үйірінен адасып, жылы жаққа ұша алмаған құсты кәріз қалдықтары төгілетін «Астана су арнасының» сантехниктері цехтың біріне қамап қойған екен. Ветеринарлық клиникалар мен орнитологтарға хабарласқанымен ешбірінен көмек болмаған. Наннан басқа беретін тағамдары да жоқ.

“Тамақ салып қойғанбыз. Жарты бөлке нан езіп. Міне, жеп жатыр. Аққудың сыңары болады ғой. Жалғыз өзі. Жас аққу ғой бұл”, – деді Ерлан Әбдірахманов.

Жұмысшылар жаралы құсқа «Құралай» деп ат қойып үлгерген. Барлығы Құралайды айналшықтап шықпай жүр. Бірақ сыңарынан айырылған жалғыз аққу құтқарылғанымен оны апаратын Астанада бірде-бір орын болмай шықты. Тек Елордадан әзер дегенде бір жанашыр табылып, аққуды алып кетті.

«Бақ» деген аты болмаса бұл кәдімгі үй. Негізінен бұнда ит-мысық, қояндар ғана тұрады. Енді аққуға солармен бірге мекендеуге тура келеді. Әзірге «Құралайға» бөлек орын дайындалғанша, осы бөлмені паналай тұрмақ.

Халқымыз киелі санайтын құс төресі енді көктемге дейін осында болады. Жарақаты жазылып күн жылынған соң өз үйіріне жіберілмек. Ал жағдайын жасап асыраймын деушілерге аққуды бағуға беруге дайын. Бір қызығы, небір атақты құрылыстарымен танымал Астанада мемлекеттік бақ жоқ. Сондықтан жыл сайын үйірінен адасқан қанаттыларға пана табу оңай емес.

Оқи отырыңыз:

Астанада ЭКСПО көрмесінің ғимараты опырылып түсті (видео)

Қытайда той қонақтары жас жұбайларды елдің көзінше секспен айналысуға мәжбүрледі (видео)

Қытайда өзі жетім өскен қазақ қызы 62 мүгедек баланы асырап алды

Би билейтін аюлар интернет қолданушыларын таңқалдырды (видео)

Талқылау