Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада депутаттарды 248 теңгенің сорпасымен тамақтандырады

Министрлер үйіндегі асхананың мәзірі жұтаң. Бір адам түстік асын 700 теңгеге алуы мүмкін. Есесіне, мәжілісмендер асханасында таңдау көптеу. Орташа мәзір күнделікті 5 салат, 6 түрлі бірінші ас, 7 түрлі екіншінің тамақтары, барлығы да  айтарлықтай арзан. Қырыққабат сорпасы 248 теңге, асбұршақ сорпасы - 183 теңге.

сорпа

Бұл туралы caravan.kz басылымы хабарлайды.

Сиыр еті көкөністермен қурылған парламент асханасына келушілерге 447 теңгеден, пешке пісірілген балық 340, палау 294 теңге. Буға пісірілген котлет 375 теңге.Диеталық тағамдарда бар. Мәселен диеталық котлеттің құны 375 теңге. Астана үшін өте арзан. Бразилиядан келген кофенің құны 40 теңге. Ал, Цейлонның шәйі 30 теңге тұрады.

Депутат Владислав Косарев мәжіліс асханасындағы  тағамдардың бағасын арзан деп санамайды.

600-700 түстік тағам үшін аз ақша емес. Ең қымбаты қызыл балық немесе арнайы әзірленген ет тағамдары. Негізі мен мәзірде қызыл балық болғанына қарсымын. Біріншіден қымбат және қауіпті. Шетелден жеткізідлетіндіктен талай уақыт қоймада жатса таңқалмаймын. Уылдырық біздің асханада жоқ, есесіне форель (бахтах) балығын кейде жейміз. Соңғы кездері мен бәліш жеп, сүт немесе айран ішкенді қалаймын. Ал сорпа маған онша ұнамайды.

Депутат Ирина Аронова парламент тағамдарының сапасына шүйлікті.

Негізі үйде де ас әзірлеген сәтте әркімге ұнай бермейді. Тұзы жетіспейді немесе құйылған майдың дәмі шығады. Біздің асханадағы ас қалай әзірленді деген сұрақ мазалайды. Негізі біздің диетадағы депутаттар арнайы ас мәзіріне тапсырыс беруге мүмкіндігі бар. Ал бағасына келетін болсақ, мен қымбат немесе арзан деуден аулақпын. Құрбымыз екеуіміз түстенгендіктен 3000-3500 теңге жұмсаймыз.

Талқылау