Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада бүлінген «Қазақ елі» монументін жөндеуге әкімдік альпинистерді тартпақ

Белгісіз біреулердің 91 метрлік ескерткіштің ең биік жеріне есімдерін қашап жазып кеткені демалыс күндері белгілі болған еді,-деп жазды КТК арнасы.

монумент

Бұл сөздерді Наурыз мейрамын дронға түсіріп, ролик жасаған қоғам белсендісі байқап қалған. Әрине, мұнда олар анық көрінбейді. Десе де, көзі қырағы азамат «Қазақ еліне» белгісіз біреулердің Мұрат, Бердібек және Тараз деп жазып кеткенін байқаған.

Бұны әкімдіктегілер де растап отыр. Бірақ шенеуніктер Елордадағы ең үлкен ескерткішті бүлдіргендерді іздеп, жазаламайды екен. Өйткені бұл вандалдардың емес, құрылысшылардың ісі. Оның үстіне алып сәулет өнерінің туындасына  арнайы техника болмаса шығу мүмкін емес.

«Монументтің жоғары жағына жазба қалдыру мүмкін емес. Меніңше, ескерткішті орнатып жатқанда жұмысшылар өз есімдерін қашап жазған. Жақында альпинистер бояудың құрамын тексереді. Сөйтіп, өшірудің жолдарын іздейді»,-дейді Астана қаласы Ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауды қамтамасыз ету дирекциясы директорының міндетін атқарушы Нелли Шиврина.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да 130 шөбересі бар әжей 100-ші көктемін билеп қарсы алды (фото)

Әнші Асхат Тарғын енді оқу бітірген қызға үйленді (фото)

Ауыпбаев: Күзетші болып жүр дегенді естігендер қаржылай көмек ұсынды

Алматы облысында 20 жастағы биші жігіт қошқарды 230 рет көтеріп жеңімпаз атанды (видео)

Әнуар Нүрпейісов өзін сынағандарды қатыгездер деп атады

 

 

Талқылау