Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада босану кезінде көз жұмған әйелдің күйеуі шетелдік дәрігерлердің сөзіне сенбейді

Астанада 4 әйелдің өліміне қатысты шетелден дәрігерлер шақырылып, мән-жайды тексерген еді. Олар отандық дәрігерлердің кінәсіздігінайтқанымен марқұмның жолдасы ол сөзге сенбейді, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Израильдік дәрігерлер бұл жағдай өз елінде болса да істің қайғылы аяқталатынына сендірген еді.

Олар тіпті Астанадаға босанушы әйелдер өлімінінің басқа елмен салыстырғанда төмен көрсеткіште екенін атады.

Ал, жұбайына айырылған Астана тұрғыны Сапар Әміртай дәрігерлерге өз назын айтты. Айтуынша, жаңа туған сәбиін дәрігерлер емдеп жатқан жоқ. Тек өзі күнде түтікшемен тамақтандырады екен. Ол шетелдік дәрігерлердің сәбилердің денсаулығын тексермей өз шаруасымен айналысып кеткенін айтты.

“Бірінші туған сәбиге  неврологиялық патология диагнозы қйыолған. Яғни, денсаулығында өзгеріс бар. Екінші, төртінші туған нәресте үйіне шығарылды. Ал, үшінші сәби орталықта жатыр. Ол да жақын күндері шығарылады”,- дейді Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Бұл іске қатысты құрылған комиссия қорытындысы тамыз айының соңында шығады.

Астанада соңғы екі ай ішінде 4 босанушы әйел көз жұмды. Қазаның үшеуі №1 перинаталдық орталықта, бірі №2 орталықта болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау