Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада босанған әйелдің өліміне кінәлі дәрігерлер сот залынан босатылды

 Астанадағы № 2 перинатальдық орталық дәрігерлері  Владимир Калашников пен  Григорий  Азаровқа  бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы, бір жылға еркіндігін шектеу жазасымен ауыстырылды. Сондай-ақ, дәрігерлер мамандығы бойынша жұмыс істеуді жалғастыра алады.

Владимир Калашников

Владимир Калашников. Фото с сайта Yvision.kz

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары жазды.

Екі дәрігер босанған әйелдің өліміне кінәлі деп танылған еді.Соттың жасаған жеңілдігі жайлы сотталған дәрігерлердің бірінің қорғаушысы  Темірлан Тәшімбетов хабарлады.

Бұған дейін Калашников пен Азаровқа қатысты сот  бір жылға бас бостандығынан айырып, екі жылға дәрігерлік қызметтен шеттету бойынша үкім шығарған болатын.

Сот сондай-ақ, қайтыс болған Назерке Қадірқызының анасы  Шынар Қарамурзинаның  моральдық өтемақы бойынша талабын жартылай қанағаттандырған еді. Сот үкімі бойынша қылмыскер деп танылған екі дәрігер қайтыс болған әйелдің анасына 4 миллион теңге моральдық өтемақы есебінде төлеуге міндеттелген. Мұнымен қоса сотқа жүгінуге кеткен 1,1 миллион теңге көлемінде тағы қаржы беретін болды.

«Григорий Азаров пен Владимир  Калашников сот залынан бостандыққа жіберілді. Апелляциялық шағым бойынша істі қарау кезінде олардың жазасы айтарлықтай жеңілдетілді. Олардың екеуіне де бір жылға бас бостандығын шектеу мен дәрігерлік қызметін жалғастыруға рұқсат деген үкім оқылды. Сот үкіміне қайта шағым түсірмейміз»,-деді  Азаровтың қорғаушысы Тәшімбетов.

Сот қайтыс болған әйелдің отбасына төленетін өтемақыға қатысты ешқандай өзгеріс жасамаған. Яғни екі қылмыскер дәрігер  5 миллион теңге төлейтін болады.

Талқылау