Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада босанған әйелдің өлімі үшін қаланың ең үздік дәрігері айыпталды

8 сәуір күні Астанадағы Алматы аудандық №2 соты №2 перзентхананың акушер-гинекологы Владимир Калашниковты және анестезиолог-реаниматолог Григорий Азаровты бір жылға бас бостандықтарынан айырды.

159

Сурет yvision.kz (Владимир Калашников)

Қос дәрігерге “Өздерінің медициналық кәсіби міндеттерін және фармацевтикалық жұмыстарды дұрыс атқармағаны үшін” деген айып тағылып, жас босанушы әйелдің өліміне кінәлі деп табылған.

2012 жылы Астананың үздік дәрігері атағын иеленген Калашниковтың сотқа тартылуы әлеуметтік желіде дау тудырды. Дәрігерлер doktorkz.ru атты сайт ашып петиция жолдамақ. Ақ халаттылар адвокат қызметіне де төлейтін қаржыны жинастырып жатыр.

Бұған дейін екі астаналық дәрігерге әйел өліміне айыпты ретінде жаза кесілгенін жазған едік.

Талқылау