Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада бораннан адасып кеткен оқушыны КамАЗ жүргізушісі құтқарып қалды

Астанада 11 қаңтарда жоғалып кеткен бала табылды. Қалай табылғаны туралы Астана қаласы білім бөлімінің бастығы Мадина Сүлейменова айтып берді.


“Құдайға шүкір, бала ата-анасымен, аман, денсаулығы жақсы. Ол №78 мектептің 2 сынып оқушысы. Бала сағат 5-те үйінен сабаққа шығып кеткен. Ол әкесін оятып, мектепке барайын ба деп сұраған. Әкесі даалада боран болып жатқанын білмегендіктен, “бар” деген. Баланың жолда кетіп бара жатқанын көрген КамАЗ жүргізушісі Марат Көбесов баланы алып, үйіне жеткізген”, -дейді Мадина Сүлейменова.

Содан кейін, жүргізуші еріктілерге хабарласқан.

“Ерікті, сурет жіберген, оны WhatsАpp –тан сынып жетекшісі көріп, таныған. Себебі, оны таңнан бері іздеп жатыр, суреттерін жіберді. Қазір бала ата-анасының жанында”, -дейді білім бөлімі бастығы.

Қазіргі уақытта органдар баланы неге мектепке жібергені туралы ата-анамен жұмыс істеп жатыр, дейді ол.

Тағы оқыңыз:

Ақмола облысында 6 айлық нәресте белгісіз себептермен қайтыс болды

Көмектесудің орнына видеоға түсірген: Астаналық жігіттердің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Астанада қатты боран университеттің шатырын жұлып әкетті

Ұлты қазақ нейрохирург Германияда танымал дәрігерге айналды

Талқылау