Астанада үздік қазақ блогері миллион теңге ұтып алды

Сәрсенбі, 23 Желтоқсан , 2015 16:04

Астанада еліміздің үздік блогерлерін марапаттау рәсімі өтті

22.12.2015-AST-6

Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

«Нұр Отан» партиясы мен «Жігер. Абырой. Сана» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен байқауға еліміздің жер-жерінен қазақ интернет кеңістігінде аты қалыптасқан, өзіндік қолтаңба қалдырып үлгерген блогерлер қатысты. Байқаудың қорытындысында бірінші орынды «ОРТ-Еуразия» телеарнасының жүргізушісі Маралбек Сағынғанов жеңіп алды. Ол 1 млн. теңгенің сертификатына ие болды. Екінші орынды Мерей Ермұханов иеленді. Байқауды ұйымдастырушылар оған 500 000 теңгені табыс етті. Үшінші орынды Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің студенттері Әйгерім Тоқсанбек пен Назерке Әбиболла бөлісті.

Байқауды ұйымдастырушылардың бірі ««Жігер. Абырой. Сана» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Есен Елеукеннің айтуынша, алдағы уақытта да блогерлердің арасындағы конкурс «Нұр Отан» партиясымен бірігіп өткізіле береді.

Осы шараны жүргізген белгілі блогер Аршат Ораз байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлер үшін ақшалай сыйлық үлкен ынталандырма болғанын, жұмысқа деген ынтаны арттырғанын айтса, Ұлттық Интернет Ассоциациясының президенті Серікқазы Кәкібаланов фейсбук желісіндегі парақшасында қазақ интернетінің тарихында тағы бір оқиғаның алтын әріптермен жазылғанын жеткізді.

«Ол кеше мәресіне жеткен, Arshat інім тікелей өзі жүргізген «Блогиада-2015» блогерлер байқауы. Аршатқа үмітің ақталып, Қазнетке сіңетін еңбегің көбейе берсін деймін.
Биылғы бас жүлдені еншілеген Maralbekті жеңісімен құттықтай отырып, миллион теңгең миллион еуроға айналсын деймін! Күміс жүлдегер Мерей Ермұхановты үлкен жетістігімен құттықтаймын! Үшінші орынға ие болған Әйгерім Тоқсанбек пен Назерке Әбиболла студенттерім үшін өте қуаныштымын. Олардың басты жеңістері алда деп ойлаймын.
Әрине мұның бәрі қолдаусыз болмайды ғой. Есен Елеукен мен Берік Уәли бауырларыма дем бергендері үшін мың алғыс!
Блогиада сайысына қатысқан барлық қатысушыларға да мың алғыс! Олар интернеттегі қазақ контентін өзінше бір байытып тастады.
Девальвация девальвациясымен, бірақ қалай десек те, біздің Қазақ интернетінің алтын таңы атып келеді. Жеңісті күндерде жолыққанша, қазнеттіктер!», деді ол.

Дастан Кенжалин.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар