Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада биыл бірінші сыныпқа баратын балалар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Биыл жаңа оқу жылында Астанада 22 мың бала бірінші сыныпқа бармақ. Олар осылайша бұл жылы мектеп бітірген 5 мың түлектің орынын баспақшы.

1585746

Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.

“Биыл мектеп табалдырығын аттайтын балалардың санының көптігіне байланысты мектептерде 17 мың оқу орнының тапшылығы байқалуда”, – деді қалалық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Әнуар Жанғозин.

Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердегі орынның тапшылығына байланысты жаңа оқу жылы қарсаңында 2,6 мың орынды реттеу мәселесі қаралуда. Астанада осылайша жыл сайын жаңа он мектеп бой көтермек.

“Қазірдің өзінде 6 мектептің құрылысы басталды, жыл аяғына дейін тағы төртеуінің құрылысы басталады. Жалпы алғанда 11 мың орыны бар он мектепті 2018-2019 оқу жылына дейін тапсыруды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, 13 мектепті жобалау жұмыстары басталды. Біздің жоспарымыз – жыл сайын 13-14 мектепті қатарға қосу”, – деді Жанғозин.

Қазіргі кезде ел астанасында 130 542 бала білім алатын 95 жалпы орта білім беретін мектеп бар. Балалар көбінесе мемлекеттік мектептерге барады.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстау облысында әскерден қашқан сарбаз іздестіріліп жатыр

Алматыда көлігін бассейнге айналдырған жүргізушіге іздеу жарияланды

Төлешов былығын жасыру үшін салықшыларға қанша пара бергенін айтты

Енді жүргізушілер куәлігін кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығында ауыстыра алады

Талқылау