Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада бір үйді бірнеше мәрте сату ісі бойынша мердігер кооперативінің қожайыны тергелуде

Бір пәтерді бірнеше рет қайталап сату әрекеті бойынша Астанадағы  үш тұрғын үй комплексін салған азамат күдікке алынған.

күдіктіііі

«Астана қаласындағы ІІД-да үлкен көлемде алаяқтық жасау бабы бойынша  сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл іс бойынша «Төленді» Тұрғын үй құрлыс  кооперативі төрағасы Айдын Байжұманов күдікті ретінде тергелуде. Тура осы коопеатив қожайыны Астанадағы «Столичный-2», «Коктал-2», «Аниса» көп қабатты тұрғын үй кешенін салған болатын. Күдікті 2013-2015 жылдар аралығында бір пәтерді жалған құжатпен бірнеше адамға сатқан деп айыпталуда»,-делінген Астана қаласы ІІД баспасөз баяндамасында.

Күдікті қазір уақытша ұстау абақтысына жабылған. Қазір күдіктіні №2 Сарыарқа аудандық соты кепілмен босатқан.

Астана полициясы тура осы кісіге алданғандардың арыз- шағымын қабылдауды жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ, қозғалған істе  мүліктік залал келтіру бабы бойынша  «Dream Life» ЖШС-не  айып тағылып, тергеу жүріп ждатыр. Осы ЖШС-ға алдан кісілер Астана қаласындағы ІІД-не өз шағымдарын қалдыра алады.

 

 

Талқылау