Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада би орталығының ғимараты өртенді (Видео)

Астанада Тәуелсіздік көшесінің бойында орналасқан БИ Dance студиясының ғимараты өртеніп жатыр.

Бұл туралы SN хабарлайды.

Оқиға орнында 4 өрт сөндіру техникасы мен жедел жәрдем станциясы жұмыс істеуде. Куәгерлердің айтуынша, ғимарат түгелге жуық жанып кеткен. Зардап шеккендер туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ. Дегенмен, жедел-жәрдем дәрігерлері ғимаратта ешкімнің болмағанын айтып отыр. Нысан қоршауға алынып, мамандар әлі де болса қызыл жалынмен арпалысуда.

Талқылау