Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада әлдекімдер қағып кеткен бойжеткенді көлікпен белгісіз жаққа алып кеткен

Астанада қостанайлық қыз жол апатына түскен соң жоғалып кетті. Оны белгісіз көлік салып алып кеткен.

Ата-анасы қызын үш тәуліктен бері іздеп жатыр. Сабина Жүнісбекованың ата-анасы мен ағасы хабарласып көмек сұрады, деп жазады Алау.

Айтуларынша, желтоқсан айында Сабина Астанаға жұмыс іздеп кетеді. Жақындарымен жиі хабарласып тұрады, бірақ 16 қаңтардан бастап байланыс үзіледі. Әкесі хабарласқанда бейтаныс әйел алып, өзінің жол апаты болған жердегі дәріхана қызметкері екенін айтады. Көлік жолды кесіп өткен қызды қағып кеткен. Куәгерлер шашылған киімдерді жинағанша қызды алып кетіпті. Тоны мен сөмкесін, телефонын дәріханаға қалдырады. Ешкім қызды отырғызған көліктің маркасы мен нөмірін білмейді.

Содан бері қыздың қайда екені белгісіз. Ата-анасының айтуынша, жол апаты 16 қаңтарда болды. Ол Есіл ауданындағы Алматы мен Мәңгілік ел көшесінің қиылысы. Туыстары Астана полицейлеріне жол апатына қатысты қыздың жоғалып кеткенін айтып арызданған.

Жақындары бойжеткеннің қайда екенін білетін жандардан 8 705 452 01 89 немесе 102 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр