Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада банктік төлем карталардан қаржы қымқырған екі молдовандық сотталды

Астана қаласы Есіл аудандық соты елорда аумағында банктік төлем карталарынан қаржы ұрлаумен айналысқан Молдова Республикасының екі азаматын 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру үкімін шығарды

қылмыстық іс
«Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде Астана қаласы ІІД Кримналдық полиция басқармасына қарасты «К» бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде астаналық әуежай ғимаратында азаматтардың жеке есепшоттарынан қаражат ұрлағаны үшін Молдова Республикасының екі азаматын құрықтады.

Тергеу амалдары барысында ұсталған күдіктілердің тұратын жерлерінен 4 бейнекамералары бар «фишинг» және «шиминг» құрылғылары тәркіленді. Аталған құрылғылардың көмегімен қаскүнемдер заңмен қорғалынатын, электронды тасымалдаушыда сақталатын ақпаратты заңсыз көшіріп және иеленіп, соның нәтижесінде, азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарына қол сұққан», делінген хабарламада.

Күдіктілер ҚР ҚК бабымен қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Талқылау