Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада балаларға қазақ тілін үйрететін анимациялық фильм көрсетілімге шығады

Астанада балаларға қазақ тілін үйрететін анимациялық фильмнің тұсауы кесілді.

20151207134511
Жаңа мультхикаяны бүлдіршіндер 2016 жылы көре алады, деп хабарлады ҚазАқпарат.“Жандос және оның достары” деп атты анимациялық сериал. Мультфильм 5 жасқа дейінгі балаларға қазақ тілін үйретуге арналған. Сценарийін жазған – Ринат Сүлейменов.

«Аталған телеөнім Жандос есімді бала туралы, ол кішкентай көрермендерге қазақ тілін және тарихын үйретеді. Мультфильм сюжеттері өте қызықты», – дейді Р.Сүлейменов.

Айтуынша, мультхикаяның әр сериясында жаңа бір оқиға айтылады. Онда бір бөлімі екінші бөліміне тәуелділік жоқ.

Түсірілім жұмыстарын «SANA Media» компаниясы жүргізді.  Негізінен анимациялық фильмді жасау үшін филологтар, режиссерлер, продюсерлер, сценаристер және танымал актерлер тартылған екен.

Жалпы, телеөнім 50 сериядан тұрады. Оның әрқайсысы нақты тақырыптарға негізделген. Әр серияның уақыты – 7 минут.

Мультфильм 2016 жылы «Балапан» арнасынан көрсетіледі.

Untitled-9

Талқылау