Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада балаларға бие сүтінен жасалған балмұздақ тегін таратылды

Халықаралық балалар күніне арналған «Арай» елордалық саябағында балмұздақ фестивалі өтті. Аталған фестиваль үшін бие сүтінен жасалған балмұздақтар ұсынылды.

20170603165856

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің сайты хабарлайды.

Фестиваль аясында елорда тұрғындары мен қонақтарына «Тәттіқұмарлар патшалығы» мәдени-сауықтыру бағдарламасы ұсынылған. Мұнымен қатар, көрермендер аниматорлардың, әртістердің өнерін тамашалап, балалар аттракциондарда ойнап, ересектерге жанұялық би кеші ұйымдастырылды.

Арнайы фестиваль үшін бие сүтінен жасалған балмұздақ ұсынылды. «Бұл «KAZBRANDS» қоғамдық қорынан «Балмұздақ-бренд-2017» номинациясын алған және Астана қаласы әкімінің дипломымен марапатталған Шарманов атындағы Қазақ тамақтану академиясының зертханасында жасалған балмұздақ», – дейді шараны ұйымдастырушылар.

Балалар үйі мен интернаттарының, аз қамтылған отбасыларының балаларына балмұздақтар тегін таратылып, түрлі сыйлық берілді.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақ жігіті үй шаруасына олақ әйелінен мезі болғанын айтып ашынды

Жас ұстаз: Әке-шешемнің жоқтығын күйеуім бетіме басады деп қорқамын

Екі әйелдің арасында таңдау жасай алмаған жігіт жұрттан ақыл сұрады

Күйеуі сотталған келін өзіне демеу болған ата-енесіне ризашылығын білдірді

Талқылау