Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада балабақшалардың жұмыс уақыты ұзарады

Парламанет мәжілісінің отырысында Кәрібай Мұсырман ата-аналар балаларын балабақшадан алып кетуге үлгермейтіндіктен елімізде мемлекеттік балабақшалардың жұмыс уақытын ұзартуды сұрап, депутаттық сауал жолдады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі депутаттық сауалға жауабында қазіргі таңда балабақшалардың жұмыс уақытын ұзарту мәселесі қаралып жатқанын хабарлады, деп жазады Sputnik.

“Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдар жоғарыда аталған  мәселені зерделеп, негізінен қалалық жерлердегі 49,2% құрайтын балабақшалардың жұмыс режимін 10,5 сағаттықтан 12 сағаттық жұмыс күні режиміне ауыстыру үшін 2018 жылға қосымша қаражат бөлу мәселесін қарастырып жатыр”, — деп жазылған хабарламада.

Өңірлердің білім басқармалары ақылы түрдегі кешкі кезекші топтар ашудың қажеттілігін анықтау мақсатында ата-аналар арасында сауалнама жүргізген.

Ведомствоның мәліметінше, республикада 9844 (7053 мемлекеттік және 2791 жекеменшік) мектепке дейінгі ұйым бар. Олардың 53%-дан астамы бес күндік жұмыс аптасындағы 12 сағаттық жұмыс күні тәртібінде (Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстары) жұмыс істейді.

“Астана қаласы бойынша ата-аналардың сағаттық төлемақысы есебінен ақылы негізде кешкі уақытта кезекші топтар (19.00-ге дейін) ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2018 жылдан бастап қаланың барлық балабақшасында ата-аналардың келісімімен осындай топтар ашылады. Бұл мәселені шешу бойынша жұмыстарды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары жалғастырады”, — деп түйіндеді министрлік мамандары.

Тағы да оқыңыз:

Аяқты құбылаға қаратып жатудың үкімі қандай?

Қазақстандық әйел соғыс ортасында 4 бірдей перзентін дүниеге әкелген

Шымкенттік әйел: Күйеуім Ақтөбеге вахталық жұмысқа тұрып, ақыры басқа әйелге үйленіп кетті

Талқылау