Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада бүйрегін сатам деп алданған жігітке ақша төленбейтін болды

Бүйрегін сатам деп алданып қалған жігітке ақыры төлемақы берілмейтін болды. Науқас қыз үшін бір бүйрегін операциямен алып берген азаматқа қатысты Астана соты осындай шешім шығарған деп хабарлады КТК телеарнасы. 1409628144_21

Қызығы сол, елордалық сот бүйрегінен айрылған жігітті жапа шегуші емес, куәгер ретінде таныған. Сөйтіп ол тиісті ақыдан айрылып отыр. Жанат есімді 40 жасар алматылық жігіт ағасының қиын жағдайы туралы өткен жылдың қазан айында жария болған еді. Банктегі несиесінен құтылу үшін ол ішкі дене мүшесін 4 миллион теңгеге бағалаған.

Оған Астанадан жыларман күйде хабарласқан әйел қызы үшін бүйрегін сатуды сұрапты. Істің бәрі сәтімен аяқталған соң Жанат тиесілі ақшасын алуға барса, үйдің отағасы итше тепкілеп қуып шыққан. Осыған байланысты Астана соты ақшасын төлеймін деп алдап кеткен әйелді шартты түрде бір жарым жыл бас бостандығынан айырумен шектелді. Жігіт ағасы енді ақша да жоқ, бүйректен де айырылып, жарымжан болып қалды.

Талқылау