Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада кейбір өнімдердің бағасы арзандады

Астанада әлеуметке қажетті деген қант, қарақұмық пен кейбір көкөністердің бағасы айтарлықтай төмендеді.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Бас қаладағы көкөністер бағасының қалай ауысқандығы жөнінде ауылшаруашылығы басқармасы мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінде «Шапағат» коммуналдық базарында картоптың бағасы 115 теңге, пияз – 100 теңге, сәбіз – 105, капуста – 90 теңгеден сатылып жатыр.

«Биыл картоптың бағасы 25 теңгеге арзандады, пияз 5 теңгеге, капустаның бағасы сол қалпында қалды», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ жарманың да бағасы төмендеген. 2017 жылы күріштің бағасы 210 теңге, қарақұмық жармасы – 253 теңге, қанттың бағасы – 230 теңге болған.

«Биыл күріш пен қанттың бағасы 40 теңгеге арзандаса, қарақұмық екі есе арзандады», – делінген хабарламада.

Тек еттің бағасы ғана өзгеріссіз қалған.

«Сиыр етінің бағасы 2017-2018 жылдары өзгеріссіз қалған – бір келісі 1 350 теңге», – дейді ауылшаруашылығы басқармасы.

Мамандар өзге де әлеуметтік емес азық-түліктердің бағасы өскенін айтуда. Бірақ, бұл уақытша құбылыс. Жаз маусымы кезінде бұл бағалар тұрақтанады деп болжануда.

Оқи отырыңыз:

Алматыда «Аналар үйінің» төртінші баспанасы ашылатын болды

7 жасар баланың дауы: Анасы мен ұлының қайда екені белгілі болды

7 жасар баланың отбасына қоқан лоқы көрсеткен

Балиева 7 жасар баланың ісіне қатысты айыпталып жатқан ” отбасылық туыстармен” таныс емес екенін айтты

Талқылау