Астанада әйнек орындықтар пайда болды

Астананың 20 жылдығына орай елорданың көшелерінде әйнектен жасалған ерекше орындықтар пайда болды. Бұл туралы Елорданың мәслихат депутаты Мирас Шекенов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Астанада әйнек орындықтар пайда болды

Мәслихат депутаттары Астананың 20 жылдық мерейтойына ерекше сыйлық жасады. Елорда аудандандарында әйнектерден жасалған төрт орындық орнатылды.

“Астана тұрғындары, сіздер әйнектен жасалған ерекше орындықтарды көре аласыздар. Бұл біздің қаланың 20 жылдық мерейтойына жасаған сыйлығымыз екенін біле жүріңіздер. Маслихат депутаттары өздерінің қаражатынан әйнектерден жасалған төрт ерекше және антивандалды орындықтарға тапсырыс беріп, Астана аудандарына орнатты. Біреуі Арбатта, тағы үшеуінің қайда орнатылғанын таба отырыңыздар”, – деп жазды Шекенов.

Астанада әйнек орындықтар пайда болды

Оның айтуынша, орындықтарда маслихат сайтына және оның Facebook парақшасына сілтеме жасалынған QR-кодтары бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар