Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада әйелге терезеден қоқыс тастағаны үшін айыппұл салынды

Әйел көпқабатты үйдің терезесінен қоқыс тастады. Бұл туралы Астанадағы ІІД-ның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сығанақ көшесінде 8 қыркүйек күні тәртіп бұзушылық орын алды. Полиция қызметкерлері оны 54 жастағы әйелдің жасағанын анықтады.

ӘҚБтК-ның “Ұсақ бұзақылық” деп аталатын 434 бабы. Қоғамдық пайдалануға арналған орындарды, парктер мен шағын бақтарды ластау, коммуналды қалдықтарды рұқсат берілмеген жерлерге тастау. Әйелге қатысты осы бабқа сәйкес хаттама толтырылды.

Астана соты әйелге 5 АЕК (1 АЕК – 2405 теңге) көлемінде айыппұл салып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Астанадағы ІІД тәртіп бұзушылықты ескерген тұрғындарға рахмет айтады

 

 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр