Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада автобус жолаушылары хормен Атамекен әнін орындады (видео)

Астанада автобус жолаушылары қазақтың белгілі композиторы, әнші Ескендір Хасанғалиевтің әнін хормен айтып, патриоттық флеш-моб ұйымдастырды.

а

Флешмоб түсірілген видео әлеуметтік желілерле кең таралды.

Бастаманың ұйымдастырушылары – «Алқа» жастар қозғалысы. Музыкалық акцияны ұйымдастырушылардың бірі Елдос Тоқтарбайдың айтуынша, олар осылайша қоғамды патриоттыққа баулып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілді насихаттауды мақсат тұтқан.

«Қазіргі уақытта біздің қатарымызда 150 адам бар. Олардың барлығы болашақ ақын-жазушылар, журналистер. Флешмобды әдейі демалыс күндері ұйымдастырдық. Әдейі шетелдіктер қатынайтын маршрутты таңдадық. Біз қазақстандықтарды өз елін сүюге, төл мәдениетін білуге үйретпекпіз», – дейді Елдос Тоқтарбай

Талқылау