Астанада автобус жүргізушісі мен кондуктор бойжеткенді құтқарып қалды

Астанада №71 автобус кондукторы мен жүргізушісі 18 жастағы қызды құтқарып қалды.

Бұл туралы оқиға куәгері желіде жазды.

«Автобус кондукторы мен жүргізушісіне алғыс айтам. Олар 18 жастағы қызды құтқарып қалды. Асанбаев С.Ж. мен көмекшісі Төлегенов Н.А. бойжеткенді аман алып қалды», – деп жазды Ляззат Әділхан «Что? Где? Когда?» тобында.

Жолаушының айтуынша, бойжеткен есінен танып құлаған.

«Оның көзі ақсиып кетті. Оны көтеріп сыртқа шығарды. Алғашқы көмек көрсетті. Жедел жәрдем шақырды. Ол да тез арада келді. Автопарк қызметкерлері мен өзге жолаушылардың көмегімен бойжеткен есін жиды», – дейді куәгер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар