Астанада ауруханада ем алған ағайынды екі бала көз жұмды

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәдуақас Байғабылов Астана қаласының №2 балалар ауруханасында және Астана қаласының №3 көпсалалы ауруханасында ем қабылдаған екі ағайынды баланың қайтыс болғандығы туралы ақпаратқа түсініктеме берді. 

Астанада ауруханада ем алған ағайынды екі бала көз жұмды

Көрнекі фото

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Осы фактілер бойынша №2 қалалық балалар ауруханасы мен № 3 қалалық жалпы ауруханасы мамандардың қатысуымен және тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, тексеру жүргізілуде. Кешенді аудит барысында материалдар зерттелетін болады және өлімге душар болған балаларды стационарлық емдеудің барлық кезеңдерінде емдеу тактикасына талдау жүргізіледі », - деді Садуақас Байңабылов.

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің сапалы, толық медициналық көмек пен этиканың сақталуына қатысты іс-әрекеттеріне баға берілетін болады. Болашақта материалдар тергеу жүргізетін органдарға тапсырылады және заң шеңберінде тиісті шаралар қабылданады. Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайлары ерекше бақылауға алды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Загрузка...
Қазір оқып жатыр