Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада әскери оқуға тегін түсе алмағандар үлкен шу шығарды

Еліміздің бірнеше облысынан келіп, Елордадағы “Жас ұлан” мектебіне қабылданбаған жеткіншектердің ата-аналары Бас прокуратурадан әділдік іздеп жүр. Айтуларынша, ұлдары спорттан да, тесттен де жақсы нәтиже көрсетсе де, емтиханнан жаппай құлаған. Бұл туралы КТК хабарлайды.

8484

“Аттестаты толған бес. Нормативі бес. Психотесттің бәрінен өтіп тұр. Төмен балл жинаған балалар бар. Көңілдері қалған Енді “Жас Ұланға” келмейміз деп отыр. Әділдік қайда? Барлық жерде коррупция”, – дейді Астана қаласының тұрғыны Әлия Қозыбаева.

Бас прокурордан араша сұрағандар қолдарына ұлдарының түрлі халықаралық жарыстардан иеленген медаль, дипломдарын да қолтықтай келіпті. Осындай мақтаулы көрсеткіштері бола тұра, 9 сыныпты бітірген балаларының оқуға түсе алмағанына күйініп жүр.

Ал, генерал Нұрмағамбетов атындағы “Жас Ұлан” мектебі басшылығының сөзінше, шағымданушылар спорттан алдына жан салмағанымен, психологиялық сынақтан төмен балл алып қалған. Өйткені, жүгіру емес, ішкі төзімділік басты назарда екен. Сонымен қатар оқу орны ешкімді алаламадық деп отыр. Бірақ ашулы ата-аналар «бармақ басты, көз қыстыға» жол берілгенін айтады.

“Жемқорлық туралы ата-аналардың қайдан алғанын білмеймін. Медициналық комиссия бізге бағынбайды. Олар өз қортындысын жасады. Бәрі әділ болды”, – дейді «Жас Ұлан» Республикалық мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Хамит Байкенов.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда 41 жастаға ер азамат 6 жасар баламен ерегесіп, оны жерге алып ұрған

Балқаштағы әуе апатынан аман қалған жолаушы оқиға туралы айтып берді

Ақтауда 11 жасар оқушы қыз баланы педофилден құтқарып қалды

Бас мүфти: Қаржылық мүмкіндігі жоқ адамға құрбан шалу міндет емес

Талқылау