Астанада әскерден қашқандарды көшеден іздестіріп жатыр

Дүйсенбі, 24 Қазан , 2016 22:09

Елімізде әскерге барғысы келмейтіндер көбейген. Сондықтан Қорғаныс министрлігі 18 бен 27 жас аралығындағы жігіттерді көшеден аңдып, отан алдындағы борышын өтеуге күштеп әкетіп жатыр, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

946750_1375340003

Тіпті ірі айыппұлмен қатар, түрмемен де қорқытуда. Алайда, болашақ сарбаздар қару ұстауға денсаулықтарының дімкәс екенін айтып шағым айтады екен. Басқа амалы қалмаған Астананың әскери комиссариаты отанын қорғаудан безгендері көшеден іздеуге мәжбүр.

Екі комиссариат қызметкері мен полицейлер әскерден қашып жүрген жігіттердің үйін аралап жүр. Өйткені, барлығы бірнеше рет шақырту қағазын алса да, қорғаныс істер басқармасына мүлдем келмеген.

Комиссариат қызметкерлері мен полиция болашақ сарбаздарды  осылай үйінен ұстай алмағасын базар маңын торуылдады. Бірақ саудагерлерді қууға емес, қару ұстағысы келмейтіндерді аңду үшін.

Сөйтіп, бірнеше бозбалаға тура автобустың ішінде шақырту билетін жазып беріп, қолдарын қойғызып алды. Енді заң бойынша олар әскери басқармаға келуге міндетті. Әйтпесе, айыппұл арқалайды.

12 ай қару ұстап казармаға түнегісі келмейтін жігіттердің өтірігі көп. Бірі мекен-жайын жиі өзгертсе, екіншілері жүз ауруын санап беруге даяр. Майтабан, омыртқасының қисық бітуі, салмақ жетіспеушілік бұл сылтау ретінде жиі айтылатын диагноздар. Әскери комиссариат енді осындай тың әдістен  кейін бозбалалардың санасының өзгеретініне сенімді. Ал, биыл елімізде күзгі науқан бойынша қарулы күштер сапына 15 мың жауынгер алынуы тиіс. Бірақ жыл сайын армиядан жалтаратындардың көптігінен бұл меже орындалмай қалуы әбден мүмкін.

-“Уақытылы келмеген азаматтар   қылмыстық кодекс  болмаса әкімшілік шара қолданылатынынан бейхабар. Кейбіреуі қолым тимей жатыр деп салғырт қарайды”, -дейді Астана қалалық Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Ғани Артықов.

Ал отан алдындағы борышын өтеуден бас тартқандар бір жылға түрмеге қамалуы мүмкін. Немесе бір миллион теңге айыппұл төлейді. Денсаулығы жараған жігіттерге шығынданбаудың жалғыз жолы –казармадан қашпау.Оның үстіне әскери билеті барларға кейін  жұмысқа орналасу  да оңайырақ болмақ.

Жіберіп алмаңыз:

Семейде күйеуімен ұрысып қалған келіншек сәбиін өзенге ағызып жіберді

Қалыңдық комадан есін жиған соң жалаңаш күйінде тұрмысқа шықты (фото)

Қостанайда көлігіне балағат сөз жазып алған жүргізуші жазаланды

Көкшетауда 20 жастағы студент қыз жұмбақ жағдайда көз жұмды

Қазақстандықтар ұрық доноры болу арқылы қалай ақша табады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
06.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар