Астанада арбада отырып билеген жастардың өнері көрермендерді таң қалдырды (видео)

Жұма, 8 Сәуір , 2016 22:17

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен халықаралық би байқауы өтуде. Мүмкіндігі шектеулі болғанымен, рухы асқақ. Сондықтан нағыз бишіге арба да кедергі емес, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

с

Отандық және әлемге танымал арбадағы бишілердің басын қосқан дода екі күнге жалғасады. Жарымжан қыз-жігіттер көрерменге өнерде шектеу жоқ екенін дәлелдемек. Өмірде еңсесі түспегендердің батылдығына Жәудір Оразхан да таңқалып келді.

Арбада отырып билеудің тәртібі мен әдісі бөлек. Мүмкіндігі шектеулі жандар музыканың ырғағына ілесе қимылдаумен қатар арбаны да игеруі тиіс. Сондықтан жарымжандардың жаттығуы екі есе қиын.

Бұл бөлмеде бишілер соңғы әзірліктерін пысықтауда. Мұнда қобалжу да байқалады. Өйткені, қатысушылар сәнденіп, боянып қана қоймай, дәл осы жерде өздерін іштей қайрап, үлкен сахнаға дайындауда.

Арбадағы бишілерге визажист, стилистер қызмет етіп жатқан жоқ. Әркім өз бетінше киімдерін дайындап, жұптар бір-бірінің шашын сәндеп, сахнаға әзірлеуде. Ресейлік бишілер Астанада өтетін би байқауына екі ай дайындалғандарын айтады. Бұл жұп талай рет әлем чемпионы атанған екен.

“Мен өте ұялшақ болатынмын. Бастапқыда қызбен жұптасып билейсің дегенде, шошып кеттім. Ал, қазір жұрт Светлана екеумізді ерлі-зайыптылар деп ойлайды. Өйткені, билеп жүргенде арамызда ерекше байланыс пайда болады”, – дейді Ресей бишісі Максим Седаков.

Мұнда бишілер ғана емес, түрлі тағдыр иелері жүр. Кемтар болып туған Айгүлдің биге бет бұруына қасындағы жұбы Марат себепкер болыпты.  Өзіне сахналық серік іздеп жүрген жігіт Айгүлді көп үгіттеп, ақыры жаттығу көндірген. Ақтөбелік бұл жұп та бірнеше республикалық байқаудың жеңімпазы.

“Билегенде еркін сезінемін, өзімді бақытты сезінемін. Бүкіл қиындықтарымды ұмытамын десуге боалды. Өзімді сау адам сияқты, жүретін адам сияқты сезінемін”, – дейді биші Айгүл Бердешова.

“Билеп жүргенде біз жақындамасақ та, бір-бірімізді сеземіз. Аяғы сау қыздарға талай рет ұсыныс жасадым, көбі келіспеді. Енді танымал биші болсам деп армандаймын”, – дейді Марат Сейтімов.

Міне, көпшілік күткен өнерпаздар да сахнаға шықты. Австрия, Грузия, Қырғызстан, Ресейлік және отандық бишілер бүгін танго, вальс билеп сайысты. Байқау болғанымен, бишілер тура бір топта өнер көрсетіп жатқандай. Соқтығысып жатқан арба да жоқ.

Астанадағы халықаралық спорттық арбадағы би жарысы ертең де жалғасады. Жарымжандардың басты мақсаты – біреуді басып озу емес. Өйткені, олардың тағдырға мойымай, сахнаға шығуының өзі – үлкен жеңіс.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар