Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада анасы перзентханада қайтыс болған сәби ауыр хәлде

Астанада маусым айында мерт болған әйелдің сәбиі ауыр халде, деп хабарлайды Қазақпарат. 

“Қыз бала 20 маусымда өмірге келді. Оттегілік ашығу салдарынан сәбидің жағдайы ауыр. 7 күн бойы жасанды өкпе желдеткішпен жатты. Қазі өзі тыныс алады. Денсаулығынан оңалу белгілері байқалды. Бірақ неврологиялық симптоматикаға байланысты жағдайы әлі де ауыр”, – деп мәлімдеді Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында елордадағы №1 перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі.

Сәбидің денсаулығын Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының, Балаларды оңалту орталығының мамандары, Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас мамандары тексеріп көрді.

Сәбидің амандығы үшін дәрігерлер күресіп жатыр. Толығымен бақылауда.

Айта кетейік, Астанада төртінші әйелдің қайтыс болғаны туралы бұған дейін хабарланған болатынбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау