Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ана өлімі жиілеп кеткендіктен акушер-гинекологтар қайта оқитын болды 

Соңғы бірнеше ай ішінде Астанада бес әйел босану кезінде мерт болды. Қайғылы оқиғадан соң атышулы перзентхананың басшысы өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

1 қыркүйек күні Астанадағы №2 көпбейінді қалалық ауруханада тағы бір келіншек көз жұмған еді.

Елордадағы №1 перинаталдық орталық басшысы Дина Тұрақбаева арыз жазып, өз еркімен жұмсынан кетті. Ал, денсаулық сақтау басқармасы 1 қыркүйек күні босанған келіншектің өліміне де марқұмның өзі кінәлі деп отыр.

Марқұм келіншекті бұрын қант диабетімен ауырғанын айтты. Өліміне сәбиінің зәрі мен нәжісі, тері блшектері қанына араласып кетуі себеп деген болжам жасады.

-Қажетті тексерістер, экспертиза құқық қорғау органдарымен бірлесіп өткіземіз. Расында да медициналық стандарттар бұзушылық болса, тиісті шаралар қабылданады.

Денсаулық сақтау министрлігі акушер гинекологтардан бастап анестезиолог-ревмотологтарға дейін бәрін қайта оқытпақ. Сол үшін мемлекеттен 100 мл теңге бөлінді.

Бұл бала өліміне қатысты Астанадағы бірінші дау емес. Соңғы екі ай ішінде қалада 4 әйел көз жұмды. Израильден келген дәрігерлер босанушы әйелдердің өлімін тексеріп көрді. Олар әйелдерді аман алып қалу мүмкін болмаған деді.  Қазіргі уақытта қайтыс болған екі әйелдің баласы перзентханадан шығарылды. Екеуінің өмірі үшін дәрігерлер күресуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау