Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада әлі күнге дейін әріп танымайтын 7 баланың анасы елден көмек сұрады

Астанада әлі күнге дейін хат танымайтын көпбалалы ана тұрады. Жасы 35-ке келген келіншек әлі күнге дейін не оқу, не жаза білмейді. Өзінің жеті баласы бар. Өкінішке қарай, алтын алқа иегерінің жалғыз мұңы бұл емес. Астанаға осыдан 14 жыл бұрын көшіп келген келіншек балаларымен бірге пәтер жағалап жүр.

Астанада әлі күнге дейін әріп танымайтын 7 баланың анасы елден көмек сұрады

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі таңда Жанар Кауменова балаларымен бірге жатақхананың аядай бөлмесін паналап отыр.
“Қазір, мысалы, өзім де қиналып қаламын. Өйткені балаларым сұрайды: “Мама, мына жерде қалай жазылады, мама, мына жерде қалай оқытылады?” – деп. Сонда ешетеңе айта алмаймын. Сол кезде қатты қиналамын. Қысыламын балаларымнан. Негізі оқығым келеді. Қанша дегенмен білімің болмаса қиын екен. Көп жерлерге жұмысқа бардым. Осы себеппен шығарып тастады. “Оқи алмайсыз, хат танымайсыз, жаза алмайсыз, ренжімеңіз, сізді жұмысқа ала алмаймыз”, – деп. Кірген жерімде бір ай ғана істеймін. Одан артық істей алмаймын”, – дейді көпбалалы ана.

Астанада әлі күнге дейін әріп танымайтын 7 баланың анасы елден көмек сұрады

Жанар Кауменова осыдан 14 жыл бұрын Шымкенттен Астанаға көшіп келген. Алайда әлі күнге дейін тұрақты баспанасы жоқ. Бүгінде балаларымен бірге №32 жатақхананы паналап отыр. Ал пәтер кезегінде 10 мыңыншы болып тұр.

“Көп кісілер бар ғой қайырымдылық істейтін. Сондай кісілер көрсе. Үй жағынан көмектессе екен деймін. Мынадай пәтерде қиналып кеттік. Расын айтқанда балаларым қиналып кетті, өзімнен бұрын. Кейде ойланам, балаларымды өткізіп тастайын ба үкіметке деп. Өткізсем де ол жақтада қайбір рахат болады дейсің. Өзім өстім ғой сондай жерде, білемін”, – дейді Жанар Кауменова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау