Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада алдағы күндері 23 градусқа дейін күн жылиды

Алдағы күндері елордада күн жылиды деп болжануда. Ауа температурасы 23°С-қа көтеріледі, деп жазады Stan.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, 12 қыркүйекте күн бұлтты болып, 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жаңбыр жаумайды. Күндіз 15 градусқа дейін күн жылиды. Түнде -3 градусқа дейін төмендейді.

Бейсенбі күні 13 қыркүйекте күн 20°С-қа дейін көтеріледі. Күн бұлтты болғанымен, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы 6 °С-ты көрсетеді.

14 қыркүйекте оңтүстік-батыс бағытында жел соғады. Күндіз 23°С-қа дейін күн жылиды. Жұмадан сенбіге қараған түні ауа температурасы 8 градусты көрсетеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау