Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада алаяқ әйел іздестірілуде: Полицейлер көмек сұрады

Астана ІІД қызметкерлері тұрғындардан алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні тануға көмектесулерін сұрады. Бұл туралы департамент баспасөз қызметі айтты.

Әйел тауарларды тегін алып кетіп жүрген, деп хабарлайды Stan.kz.

“Астана ІІД-не қаланың дүкендерінен тауар сатып алуда алаяқтық істеп, ақша жасап алған күдікті туралы арыз түскен. Іс бойынша сотқа дейінге тергеу жүруде. Белгілі болғандай, күдікті шағын сомадағы тауар алады, 10 мың теңгелік ақшамен есептескен түр жасаған. Ол сатушының назарын басқа жаққа аударып, тауардың сапасы туралы айтып, ұсақ ақша, тиын ұсынып өзі шығарған 10 мың теңгені сатушының қолына бермей қояды. Сатушы болса, 10 мың теңге оған беріп және қайтарым ақшасын береді”, – дейді полиция.

Полицейлер күдіктіні ұстап, анықтау үшін қарқынды іздестіру шараларын жүргізуде.

Күдікті – 35-40 жас шамасында, орта денелі, тізесіне дейін жеткен құндыз тон киіп алған.

“Полиция тұрғындар арасында күдікті туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса Алматы аудандық ІІБ (Жансүгірұлы көшесі, 2) келуін немесе мына телефондарға хабарласуын сұрайды: 8 (7172) 71-67-90, 71-61-48 немесе 102”, – деп хабарлады ІІД.

Сонымен қатар, ІІД азаматтарға ұқыпты және қырағы болуға әсіресе, сауда саласындағы адамдарға есептесу кезінде алаяқтардың құрбаны болмау үшін ұқыпты болуға шақырды.

Тағы оқыңыз:

Журналистер Қайрат Нұртастың атынан кітап шығарып эксперимент жасады: Жұрт әдебиетке емес, әншінің кітабына жүгірді

40 жастан асқан соң қандай тағамдарды жемеген абзал?

Жаназа шығарғылары кеп тұратын “табытқағарлар” ма дерсің: Сәуле Әбединова мешіт имамдарына сын айтты

Таразда 15 жылға сотталған «Бамбук» лақап атымен белгілі атышулы полицей бостандыққа шықты

Талқылау