Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ақшадан тарығып қара жұмысқа жалданған екі студент биіктен құлап мерт болды

Астананың құрылыс алаңында тағы қайғылы оқиға орын алды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

b9a2afec6ee7e205f7970e3c818

Фото: kapital.kz

Бұл жолы екі студент 20-шы қабаттан құлап, сол жерде жан тапсырды. Оқыс оқиға Есілдің сол жағалауында жаңадан салынып жатқан мына көп қабатты тұрғын үйде болған.

Екі жігіт жоғарыда балкон сыртын әрлеп жатқан кезде темір тіреулер сынып кетіпті. Марқұмның екеуі де Астанадағы жоғарғы оқу орындарының бірінің 19 жастағы екінші курс студенттері. Сабақ кезінде олардың қалайша құрылыс алаңында жүргені де белгісіз.

Ал, қайғылы жағдайға байланысты «Еңбек тәртібі сақталмаған» деген бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жалпы Елордада құрылыс алаңында кісі өлімі жиі болады. Мұнда былтырдан бері 9 адам биіктіктен құлап қаза тапқан.

Оқи отырыңыздар:

Семейде анасы шашынан бит теремін деп, қызын өлтіріп алды

Алматы облысында жол бойында намаз оқып жатқан имамды көлік басып кетті

Шығыс Қазақстанда араққа тойып алған әкесі үш жастағы ұлын ұрып өлтірді

Талқылау