Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада адам бүйрегін сатып алған әйел сотталды

Қазақстанда бұрын-соңды болмаған қылмыстық іске қатысты сот үкімі шығып, Астанада адам бүйрегін сатып алды деп айыпталған күдікті сотталды. Әйел енді жазасын бір жарым жыл темір тордың ар жағында өтемек деп хабарлайды КТК телеарнасы51d6f03e50b10d4029fdf70ddf8e6e13

Бір сағаттың ішінде мүгедекке айналып шыға келген Алматы тұрғыны не материалдық, не моральдық өтемақы ала алған жоқ. Бұл шу 2015 жылдың жазында шыққан болатын. Қаржылық жағдайы қиындаған қазақстандық азамат, Астанан тұрғынына өз бүйрегін сатады. Ол бүйрегін сатып тапқан ақшасына бірнеше жылдан бері мойнында келе жатқан қарызын жауып тастамақшы болған.

Сатып алушы өзгенің бүйрегімен өз қызының ауруын емдемекші болған. Алайда уәде етілген 15 мың доллар ақыры төленбеген. Анық-қанығы зерттелген бұл іс Қазақстандық құқық қорғау жүйесінде тұңғыш рет кездесіп отыр екен. Бұған дейін елімізде адамның ішкі мүшесін саудалаған қылмыстық іс болмаған екен.

Талқылау